Өскеменде күн сайын 30 сәби өмірге келеді
Өскеменде 9 ай ішінде 6 мыңнан астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ана мен бала орталығының мәліметіне қарағанда, соңғы бір тәулікте Өскемен перзентханаларында 12 ұл, 12 қыз бала өмір есігін ашқан.
Тек қыркүйек айында туған сәбилердің саны – 716. Ал жыл басынан бері, яғни тоғыз айда 6569 бала дүниеге келіп отыр. Мамандардың айтуынша, алты мыңнан астам сәбидің ішінде егіздер де, үшемдер де бар.
Демек, орташа есеппен Өскеменде күн сайын 30 шақты сәби өмір есігін ашады.
Оқи отырыңыз