ШҚО-да жұмыссыз тұрғындар сүт қабылдайтын болды
ШҚО-ның аудандарының бірінде жұмыссыздық мәселесін шешудің жолын тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Зайсан ауданының шенеуніктері жұмыссыздық мәселесін шешумен қатар ауыл тұрғындарынан сүт жинау қарқынын жақсартуды да көздеп отыр.
Бұл туралы аудан әкімі Серік Ақтанов брифингте мәлімдеді.
-1 қазаннан бастап аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер Зайсан ауданының шалғай жатқан елді мекендеріне барып, сүт қабылдайды, - дейді әкім.
Бұл жұмысқа 25 адам тартылған екен.
Оқи отырыңыз