Зайсан қаласында 4897 үй пен пәтерге газ тартылған

Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Тілемісов Серік Нәсіпқазыұлы 14 елді мекенде газ тарту бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы есеп берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ауылдық аумақтарда газ тарту мәселесі - бүгінгі күні өңірдегі ең өткір инфрақұрылымдық проблемалардың бірі болып отыр.
ҚР Үкіметі мен ҚХР арасындағы келісім аясында "Сарыбұлақ-Зимұнай "Газ құбырын салу" және "Шығыс қазақстан облысы Зайсан ауданының елді мекендерінің шекарасына дейін АГТС және магистралды газ құбырын салу"жобалары іске асырылып жатыр.
- Қазіргі күні Зайсан ауданы бойынша 7118 заңды тұлға, үй құрылыстары мен пәтерлердің меншік иелері газдандыру жүйесіне қосылған. Оның ішінде Зайсан қаласы бойынша - 4897 үй мен пәтер, 321 заңды тұлғалар объектісі және 9 елді мекенде - 1900 үй бар. Жобалар аяқталған соң Зайсан ауданының 20 елді мекені толығымен газдандырылады, - деп атап өтті Серік Нәсіпқазыұлы.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВнокласснРСвЂВВВВРєРСвЂВВВВ
- Telegram
- Viber