Шемонаиха ауданында көп балалы аналарға көмек көрсетіліп жатыр
Выдрихалық кәсіпкер көпбалалы анаға сиыр алып беріп, қыстық шөбін де түсірткізген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Биыл "Парыз" қорының қолдауымен Шемонаиха ауданында 14 көпбалалы және аз қамтылған отбасы баспанаға ие болды. Соның бірі - Выдриха ауылындағы бес балалы ана Алена Калмакованың үй-іші.
Айта кетейік, осы көпбалалы отбасына "Выдриха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі сиыр алып беріп, оның қыстық шөбін де түсірткізген екен.
Жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданында жүрген облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа баспана иесінің үйіне кіріп көп балалы ананы қуанышымен құттықтады.
Оқи отырыңыз
Шемонаиха ауданында көп балалы аналарға көмек көрсетіліп жатырКүршім ауданында екі отбасына баспана берілдіШҚО-да 150-ге жуық көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үй салынадыШҚО-да көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін 40-қа жуық үй салынбақРиддер қаласында 42 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді