ШҚО-да көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін 40-қа жуық үй салынбақ
ШҚО-да көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылаған кеңес барысыенда ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін Зайсан ауданында - 20, Күршім ауданында-14, Катонқарағай ауданында - 5 үй салынатыны анықталды.
- Мен әкімдерге үйдің қашан және нақты қандай отбасылар үшін салынатыны туралы жоспар құруды тапсырдым. Тапсырылатын үйлерден бас тартқан көпбалалы отбасылар бар, яғни ауылдарда пайдаланылмай түрған үйлерді сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа бере аламыз, - дейді аймақ басшысы.