KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Риддер қаласында 42 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

12.08.2019, 09:48 267

"Nur Otan" партиясының қамқорлығымен Риддер қаласында қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мақсаты - атаулы әлеуметтік көмек көрсету, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Акциямен барлығы 42 отбасы қамтылып отыр. Атап айтқанда, 30 көпбалалы, аз қамтылған отбасына азық-түлікпен және басқа да тұрмысқа қажетті шаруашылық тауарларымен көмек берілді. Ұлы Отан соғысына қатысқан 12 ардагерге мерекелік жиынтықтар ұсынылды.

- "Біздің "Nur Otan" партиясына, Мемлекет басшысына, оның бізге, көп балалы аналарға көмек көрсетуге бағытталған саясатына рахмет. Барлық демеушілерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл әр көп балалы отбасы үшін өте жақсы демеу. Қамқорлық үшін рахмет, - дейді көп балалы ана Ирина Дергачева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив