Күршім ауданында екі отбасына баспана берілді
Күршім ауданында екі отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа әлеуметтік саясат" бағдарламасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар мен көп балалы аналарға көмек көрсету жалғасуда.
31 шілде күні белгілі кәсіпкерлер Е.Сқақов пен Н.Қасымханов аудандағы көп балалы ана мен аз қамтылған отбасына баспана кілтін табыстады.
Оқи отырыңыз