KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
520.48 574.61 6.06

Қазақстандықтар ішімдіктен бас тартып жатыр

26.09.2019, 05:28 130

Қазақстанда алкоголь өніміне сұраныс айтарлықтай азайды, деп хабарлайды Алтайньюс тішісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, спирттік ішімдіктерді тұтыну бір жылда 22%-ға қысқарған Ішімдік сатудан түскен кірістер бір жыл ішінде 7,15-пайызға азайып, 39,7 млрд теңгені құрап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, алкоголь өніміне сұраныстың азаюы бағаның көтерілуіне байланысты. Мәселен бір жыл ішінде арақ бағасы 23 теңгеге, 2 жыл ішінде бірден 200 теңгеге көтерілді.

 Айта кетейік, өткен жылы алкогольді тұтыну көлемі бойынша Қарағанды облысы көш бастады. Тиісінше Оңтүстік Қазақстан облысы (қазір-Түркістан) мен Шымкент  ең аз тұтынушылардың қатарына кірді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу