KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
521.9 593.5 6.39

Алкогольдік ішімдіктер қымбаттады

8.05.2019, 09:48 298

Қазақстанда алкогольдік ішімдіктердің бағасы бір жылда 9,3 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Energyprom.kz сайтында жарияланып отыр.

Осы жылдың соңғы төрт айының (қаңтар-сәуір) қорытындысы бойынша ішімдіктің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға көтеріліп кеткен. Ал 2018 жылы ішімдік 2017 жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға қымбаттаған болатын.  

Алкогольдік ішімдіктерді жекелеп алғанда, арақтың бағасы 11,4 %-ға, сыра – 8,3%-ға, шарап - 7,4%-ға көтерілген. Арақтың бағасы осы жылдың мамыр айының бас кезінде тағы 1,1%-ға артқан. Яғни, быр жылда оның литрі  2798 теңгеге дейін қымбаттады.

Ішімдіктің бағасы барлық аймақтарда өсіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу