"Бақтыдан" 1976 аяқ киім алып өтпек болды
Бақты кеден бекетінде Қытайдан рұқсатсыз 2 мыңға жуқ аяқ киім кіргізбек болғандар анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Шекарадан өткізілетін жүктердің ішінде 1976 жұп аяқ киімнің мағлұмдалмағаны белгілі болды. Алдын ала белгілі ақпараттар бойынша, тауар бағасы шамамен 4 миллион теңге болады, – делінген облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта кеденде тауарға сараптама жасалып, оның нақты бағасы, кедендік төлем және салық мөлшері анықталып жатыр.
Сондай-ақ айыпты адам заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Оқи отырыңыз