KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3,1 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

ШҚО-ның барлық емханаларында ашық есік күні өтеді

18.09.2019, 09:52 115

Осы сенбіде ШҚО-ның Онкология және хирургия орталығы мен облыстағы барлық емханаларда ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

21 қыркүйек күні өтетін медициналық қабылдаулар онкогинекологиялық аурулардың алдын алу мен ерте кезде анықтауға бағытталған шара болып табылады.

Әйелдерге бұл күні онкогинекологтар мен онколог мамандардан ешбір жолдамасыз тегін кеңес алуға мүмкіндік беріліп отыр.

Қабылдау уақыты: 21 қыркүйек, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 70-59-76; 74-26-98; 70-59-22; 74-28-35. Сондай-ақ, қосымша ақпаратты барлық қалалық және аудандық ауруханалардан білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив