KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

«Казцинктің» үстіндегі қою көк түтін неге сейілмей тұр?

18.09.2019, 09:47 291

Өскемендіктер бүгін жан түршігерлік құбылысқа куә болды. Қаладағы ірі өндіріс ошағы – «Казцинктің» мұржаларынан будақтап шыққан көк түтін көпшіліктің алаңдатты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиғаның бейнежазбасы мен фотосуреті әлеуметтік желілерде тарады.

– Бұл – «Хальдор Топсе» қондырғысының құбырынан шығып жатқан су буы. Ол залалсыздандыру процесі кезінде газдың салқындауына байланысты бөлінеді. Сондай-ақ су буы қондырғының температурасын бір қалыпта ұстап тұру үшін қажет, – деп мәлімдеді «Казцинк» ЖШС-ның қоғаммен байланыс басқармасы.

Сондай-ақ басқарма өкілдерінің айтуынша, бу беру желілеріне техникалық тексеру жүргізу барысында ауаға бөлінетін бу мөлшерінің аздап артқаны байқалған.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу