Биіктен секіріп көргіңіз келе ме?
Экстремді жақсы көретіндер мен акрофобиясы бар жандар үшін жақсы жаңалық. Жақында Өскеменде «роуп-джампинг» өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Роуп-джампинг» туралы не білесіз?
«Роуп-джампинг» – биіктіктен арқан арқылы секіретін экстремалды спорт түрі.
Ерекше спорттың негізін американдық Дэн Осман салған екен. Экстремге жаны құмар өскемендіктер қыркүйектің 21 және 22 күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін 30 метр биіктіктен (тоғызыншы қабаттан) арнайы арқанмен секіре алады.
Қосымша ақпараттар: 8777-317-84-93
Оқи отырыңыз