Парашютпен секіріп көргіңіз келсе. Өскеменде арнайы клуб бар
Мамыр айының ортасында экстримді сүйетіндер үшін ерекше кезең басталады деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығындағы экстремалды спорт клубы аспан астындағы секіруді ұйымдастырмақ. Батыл қадам жасауға өзге қала тұрмақ,тіпті шет елдерден адамдар ағылатын көрінеді.
-Көзімді қатты жұмдым да секірдім. Бірнеше секундтан соң, айналамдағы бүкіл шудың басылғанын байқадым. Көзімді ашқанда ерекше қайталанбас күй кештім – дейді парашюттық спорт түрінің инструкторы Геннади Манцев алғашқы қадамын еске алып.
Секіріп көремін деушілер міндетті түрде медициналық тексерістен өткізіліп, бес сағаттық оқуға қатысады. Секіру алдындағы жаттығулар Степное ауданындағы аэродромда өтеді. Инструкторлар экстрим сүйгіштерге ұшақтан секіруді, жерге түсуді, ұшу кезінде өзін-өзі ұстауды үйретеді.
АН-2 ұшағы бортқа бірнеше адамды жинап, 800 метр биіктікке көтеріледі. Экстрималды қадам жасау көптің арманы, алайда әркімнің қолынан келмейді. Аспан астында секіру үшін, жас мөлшері 15 жастан 50 жасқа дейін (15-18 жас аралығындағыларға ата-анасының жеке қатысуы немесе жазбаша нұсқадағы келісім қағазы) болуы шарт. Парашюттен секіруге салмақ та өзінше рөл атқарады. Әйел адамдарға тиісті салмақ мөлшері 40-70 кг, ал ер адамдардікі 40-90 кг құрауы тиіс. Ерекше әсер алуды қаласаңыз, Мызы, 19/1 мекен-жайында орналасқан экстрималды спорт түрлері клубына барсаңыз болады. Анықтамалық телефон : 8-705-496-58-25.