"Айып тұрағына апарылады" – Өскеменде үш күн болатын акция
Өскеменде үш күн бойы «Борышкер» акциясы жүреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция басқармасының ақпаратынша, бұл әкімшілік айыппұлдарды төлемегендерді анықтауға бағытталған. Іс-шара 11-13 қыркүйек аралығында атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп өткізіледі.
Айтуларынша, тиісті сомасын төлемегендердің көлігі айып тұрағына апарылады.
– Айыптан жалтарғандардың мәселесі әуелі сотта қаралады. Сот шешімі шыққан соң оның көлігі айып тұрағына апарылады. Тиісті соманы төлеген соң ғана иесіне қайтарылады, – деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз