KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Мал ұрлығы ауыр қылмыс санатына жатқызылатын болды

11.09.2019, 08:26 255

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов  ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайтатын заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Жаңа заң жобасында мал ұрлығы бойынша жеке құрам енгізілген. Ұрлық, тонау, шабуыл әрекеттері ғимаратқа, қоймаға немесе көлікке басып кіру арқылы арқылы жасалған жағдайда жаза қатаңданады. Бұл қылмыстарды ауыр санатқа жатқызу көзделген. Яғни, ауыр қылмыс санатына жатқандықтан, ондай қалмыс жасағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе зардаптың орнын толтыру арқылы жазадан жалтару  мүмкіндігінен айырылады», - деген Марат Ахметжанов бұл ұсыныстарының себебін де түсіндірді. 

«Қазақ бір-біріне «мал-жаны аман ба» деп амандасады. Елімізде азаматтардың 40 пайызы ауыл төңірегінде тұрады. Мал - ауыл өмірінің тірегі, бизнесінің көзі. Сондықтан мал ұрлығы қылмыстық топпен, қорадан әкету жағдайы болған кезде ауыр қылмыс санатына жатықызылып отыр. Өйткені, мал ұрлығы кәсіпке айналған. Шығарып беретін біреу бар, соятын біреу бар, тасымалдайтын біреу бар, базарда сататын біреу бар, жалған анықтама алып беретін  тағы біреу бар. Сондықтан, оны ауыр қылмысқа жатқызып отырмыз. Өйткені, мал ұрлығы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар пайда болып отыр», - деді прокуратура өкілі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив