KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Сот цифровизациясы» – Енді сотқа электронды түрде шағым түсіруге болады

3.09.2019, 06:10 160

Бір ай бойы өңірдегі судьялар мен кеңсе қызметкерлері азаматтарды соттың электрондық сервистерін қолдануға үйретіп, электрондық форматта талап-арыз беруге, аппеляциялық және жеке шағым түсіруге және тағы басқа мүмкіндіктерге үйретпек.

– «Цифрлы Қазақстан» және «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламаларын іске асыру мақсатында 2019 жылдың 2-27 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Сот цифровизациясы» айлығын өткізбек. Бір ай ішінде сот қызметкерлері өңір тұрғындарын «Сот кабинеті» электрондық сервисінің жұмысымен таныстырып, Ашық есік күндерін өткізеді. Шаралар барысында дәрістер оқылып, тұрғындарға QR-кодты пайдаланып, соттың жұмыс кестесі, байланыс деректері туралы барлық қажетті ақпараттарды, сондай-ақ GPS қосымшасы арқылы соттардың орналасқан жері, оларға дейін жететін автобус кестесі туралы мәліметтерді алуға болатыны туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, – деп хабарлады облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, облыс тұрғындары сот процесі қатысушыларына қолайлы жағдай жасау, олардың уақыты мен жолақысын үнемдеу мақсатында ұйымдастырылатын бейнеконференциялар туралы да ақпараттандырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив