ШҚО-да ауданаралық сот интернет-конференция өткізеді
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот интернет-конференция өткізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандар интернет-конференция арқылы тұрғындардың сот қызметі туралы кеңірек мағлұмат алуына жағдай жасамақ.
Конференция барысында қылмыстық сот төрелігін жүзеге асыру және соттың электрондық сервистерін пайдалану мәселелерін талқылауға болады.
Сұрақтар 15 мамырда электрондық пошта арқылы қабылданады: 723-2061@sud.kz
– Азаматтардың сауалына сот төрағасы Б.А.Қасенов жауап береді, – деп нақтылады соттың баспасөз қызметі.
Қосымша ақпарат алу үшін 8(7232)25-18-91 телефон номеріне хабарласуға болады.