KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да төтенше жағдай қызметкерлері 17 балаға мектеп құралдарын алып берді

2.09.2019, 10:10 254

«Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясы осыдан бір ай бұрын басталған еді, әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Алтайньс тілшісі.

Республикалық акцияны қолдау мақсатында Семей қаласының төтенша жағдайлар басқармасы және №2 өрт сөндіру жасағының қызметкерлері өздерінің көпбалалы ұжымдастарының, сондай-ақ қаладағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын оқу жабдықтарымен қамтамасыз етті.

– Қазіргі таңда баланы мектепке даярлау үшін бірталай қаражат керек. Әсіресе, көпбалалы шаңырақтарға салмақ көп түседі. Төтенше жағдай қызметкерлері осыны ескере отырып, 17 балаға мектеп құралдарын алып берді. Айта кетейін, 17 баланың 12-сі өз қызметкерлеріміздің балалары, ал қалған 5 бала көпбалалы және аз қамтылған шаңырақтардың балалары, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Байбуров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу