Бүгін Өскеменде қайырымдылыққа бағытталған жәрмеңке өтеді
Бүгін Өскеменде қайырымдылыққа бағытталған жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
30-шы тамыз сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін «GARAGE» тайм-клубында «Niet.Woman»-ның ұйымдастыруымен жәрмеңке өтеді. Жәрмеңкеден түскен қаражат 14 жастағы Меканцишвили Евгенийдің химиотерапиясына жұмсалмақ. Жәрмеңкеде, аяқ киімдер, ойыншықтар, кітаптар мен киімдер сатылады.
Аталмыш шараның бағдарламасы:
| 11:00 | «Мектепке жол» акциясы; |
| 11:30 | Жәрмеңке қонақтарынан ән-шашу; |
| 12:00 | Қуыршақтармен фотосессия; |
| 13:00 | “Party For Kids” аниматорлар бағдарламасы; |
| 13:00 | Арайлым Откульбаеваның "Бет әрлеу" шеберлік сағаты; |
| 15:00 | «Әдемі қастар» Виктория Кузнецованың шеберлік сағаты; |
| 16:00 | “Party For Teens” |
| 17:00 | Ирина Баянжанова Жапон шарларын жасаудан шеберлік сағаты; |
Оқи отырыңыз