Головкин Деревянченкодан кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
GGG украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) IBF титулын сарапқа салған соң, Муратамен шаршы алаңға шығуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы қазақстандық былғары қолғап шебері Boxingscene.com порталына берген сұхбатында айтты.
– Мен бұл жекпе-жекке жүз пайыз дайынмын. Әрине бірінші әлем чемпионы титулын жеңіп алуым керек. Содан кейін Муратамен жұдырық түйістіру сөзсіз қызықты болар еді. Тамаша жекпе-жек боларына сенімдімін – деді Головкин.
Еске сала кетейік, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады.