KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Головкин рингке оралады: Кім? Қашан? Қайда?

9.01.2020, 05:24 133

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы және жекпе-жектің уақыты мен орны анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин польшалық Камил Шерметамен жұдырық түйістіреді. BoxingScene порталының мәлімдеуінше, жекпе-жек 28 наурызға жоспарланған. Чикагода өтпек. АҚШ-тың Иллинойс штатындағы әсем қалада польшалық ірі диаспора бар екені белгілі.

GGG жекпе-жекке дайындықты бастап кетті.

Айта кетейік, Головкин мен Шермета соңғы жекпе-жектерін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қатар өткізді. Аталмыш бокс кешінде отандасымыз украиналық  Сергея Деревянченконы жеңсе, андеркартта өнер көрсеткен польшалық былғары қолғап шебері  мексикалық боксшы Оскар Кортесті нокаутпен тізе бүктірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив