KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Дәрігерлер шетелде оқып келгенмен нәтижеге әлі көңіл толмайды

20.08.2019, 05:43 104

Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметов Көкпекті аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әсіресе, жүкті әйелдер арасында кездесетін ауруларды ерте бастан анықтаудың маңыздылығына тоқталды. Оның себебі де анық. Соңғы бес жыл шегінде қанша шаруа атқарылғанымен, өңірде ана мен бала өлімі көрсеткіші азайған емес. Сондықтан ақ желеңділер арасында медициналық тәртіпті күшейту қажет. Бұл ретте жиналғандарға Үржар аудандық ауруханасының жұмысы, оның бас дәрігерінің мықты үйлестіруші әрі басқарушы екендігі үлгі етілді.

Бас дәрігер Әсемгүл Рахымбаеваның айтуынша, аурухана заманауи техникалармен және кәсіби дәрігерлермен жабдықталған. Құжат айналымының жартысынан астамы электронды форматқа ауысқан, «Дамумед» бағдарламасы белсенді қолданыста.

– Соңғы бес жылдың көлемінде өңірдің медицинасына бұрын болмаған қолдау жасалды, дәрігерлерді шетелде оқыттық. Алайда, нәтижеге әлі көңіл толмайды. Көрсеткіштер жақсарып кеткен жоқ. Сондықтан жұмысты ширатып, бақылауды күшейту қажет. Анау Бородулиха ауданынан үлгі алыңыздар. Аурухана баяғыда-ақ, қағазсыз режимге көшіп кеткен. Ал бас дәрігер Үмуд Эфендиевтің өзі де шетелде білімін жетілдіріп жатыр, – деді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу