KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
439.43 473.31 4.82

Семей кітапханашылары Абайдың өзі оқыған кітаптарды астанадағы көрмеге алып барды

12.08.2019, 10:03 169

Хакім Абайдың туған күніне орай Семейдегі Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында кітап көрмесін өткізді. Көрмеге Ұлы тұлғаның өзі оқыған кітаптар қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұл Абай өмір сүрген дәуірде, 18-19 және 20 ғасырдың басында басылып шыққан кітаптар. Арасында Абайдың өзі оқығандары да бар. Олар біздің кітап үйімізде күні бүгінге дейін сақталып тұр. Тағы бір айта кететіні, біз бұл кітаптардың электрондық көшірмесін де  жасап қойдық. Олармен біздің кітапхананың және Ұлттық академиялық кітапхананың сайты арқылы танысуға болады, - деді Семейдегі Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының маманы Ольга Мальцева.

Оның айтуынша, Абай Семейдегі кітапхананың құрушыларының бірі болып саналады. Бұл кітапхананың іргесі 1883 жылы қаланған екен. Бүгінде 4 мыңдай сирек кездесетін жазбалар сақтаулы тұр.

– Біз Хакім Абайдың 174 жылдығына орай басталған бұл шараны бір ай көлемінде жүргіземіз. Өздеріңіз көрген мынау кітап көрмесімен басталған шаралар тізбегі Абай әндерінің кеші, Абай оқуларына ұласып жалғаса береді. Кітапхана есігі қашан да ашық, – деді Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкері Нұрхан Серкебай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив