Семейде жоғалып кеткен жігіт аман-есен табылды
Төрт күн бойы із-түссіз кеткен семейлік азамат үйіне аман-есен оралды. Бұл туралы Алтайньюс тілшісіне Lider.kz еріктілер тобы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, біз осыған дейін 10 мамыр күні сағат 19.30-да Бозтаев көшесіндегі үйінен шығып кеткен Дархан Ағзамовтың қайтадан үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз.
Жақындары Дарханның жоғалып кеткенін еріктілер тобы мен полиция қызметкерлеріне хабарлап, өтініш білдіріпті. Алайда арада төрт күн уақыт өткенде туыстары қайта хабарласып, үйге 25 жастағы жігіттің өзі қайтып келгенін жеткізген. Еріктілер тобы жоғалған жігіттің қайда жүргені туралы айтқан жоқ.
Оқи отырыңыз