KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да мамыр айында азық-түлік қымбаттап кетті

10.06.2020, 05:54 254

ШҚО-да өткен айда барлық азық-түліктің бағасы қымбаттап кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық статистика депармтентінің ақпараты бойынша, сәуірмен салыстырғанда мамырда нан, жеміс, көкөніс, жарманың бағасы өсіпті.

Мысалы, қарабидай, қарабидай-бидай ұнынан жасалған нан 2,1 пайызға, жоғары сортты бидай ұнынан жасалған нан – 1,5 пайызға, жоғары сорттағы бидай ұны – 6,3 пайызға қымбаттаған.

Сәйкесінше, тоқаш және ұннан жасалатын кондитерлік өнімдердің де бағасы өсіп отыр.

Сонымен қатар, мамырда макарон өнімдері, қарақұмық, сұлы, арпа, ұнтақ жарма; сиыр, қой, жылқы және құстың еті, ірімшік, маргарин және тағы басқа да азық-түлік өнімдері біршама қымбаттаған екен.

Керісінше, күріш, тары, шикі сүт, жұмыртқа мен қанттың бағасы біраз арзандапты.

Жеміс-жидектің ішінде лимон мен жүзімнің бағасы айтарлықтай өсті – 15,1 және 12,4 пайызға. Алма, алмұрт, банан, апельсин, пияз, қызылша, сәбіз, картоп, сарымсақ, тәтті бұрыштың бағасы да біршама қымбаттап отыр. Ал орамжапырақ, қиыр мен қызанақтың бағалары, керісінше, төмендеген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу