KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
495.2 522.34 4.94

1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады

9.08.2019, 03:33 310

Білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді. Ақпаратты білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі.

"Білім туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады.

Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. Егер 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-і мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ке дейін өскен.

2018-2019 оқу жылында үш миллионнан астам оқушы Қазақстандағы 7024 мектептің табалдырығын аттады, олардың 350 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бұған дейін Sputnik Қазақстан 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап төртінші, тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшетінін хабарлаған еді. Атап айтқанда, оныншы сынып оқушылары "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін оқиды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу