KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде «ағаш шебері» клиенттердің 2,5 миллион теңгесін жымқырған

6.08.2019, 06:14 213

Өскеменде жиһаз жасаушы шебер клиенттерден 2,5 миллион теңге алып, ұшты күйлі жоқ болып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Әккі шебер әлеуметтік желілер мен сайттарда өзінің қызметін жарнамалаған. Содан бірден 16 адамнан тапсырыс алған. Тапсырыс берушілердің барлығы алдын ала төлем жасапты.

Тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен азаматты тәртіп сақшылары ұстады. «Шебер» тапсырыстардың бір де бірін жасамаған болып шықты.

– Сот отырысы барысында ер адам кінәсін мойындамады. Айтуынша, ол жиһаз дайындаумен 2011 жылдан бері айналысып келе жатыр. Бұл жолы тапсырысты көп алып қойғанын айтты, – деп мәлімдеді қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

Алайда сот айыпталушы жауабының дәлелсіз екенін айтып, ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

Алаяқ бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу