Өскеменде әйелдерге бала емізуді тегін үйретеді
Облыс орталығында «Бала емізу бойынша апталық» ұйымдастырылмақ. Нәрестенің табиғи тамақтануына не қажет? Бұл туралы Өскемен тұрғындары үшін арнайы өткізілетін тренингттер мен семинарларда айтылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ана сүтінің бала үшін ерекше маңызды екені белгілі. Осы орайда Өскеменде тегін тренингтер мен семинарлар өткізіліп, әйелдерге бала емізу бойынша кеңестер берілмек. Сондай-ақ, баланы дұрыс емізу ережелерін үйретеді.
Алғашқы тренинг 6 тамыз күні сағат 11.00-де "ЕМ АЛУ плюс" ЖШС дәрігерлік амбулаториясының базасында өтеді. Мекен-жайы: Согринская көшесі, 223/8.
Екінші тренинг 8 тамызда сағата 11.00-де "Денсаулық" дәрігерлік амубалториясының базасында өткізіледі. Мекн-жайы: Буров көшесі, 53.
Қосымша сұрақтар бойынша 25-28-39 телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызға болады.