KZ
Өскемен
пасмурно Штиль
522.38 612.6 6.54

Өскеменде жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

24.07.2019, 04:34 2 414

Өскеменде жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қайғылы оқиға 20 шілде күні сағат 17:30 шамасында Глубокое ауданы Солнечный кентінің жолында болған. Қала сыртындағы трассамен зымырап бара жатқан «Mazda» маркалы автокөліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған көрінеді. Нәтижесінде жол жиегіндегі ағашқа барып соғылған.

– 52 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көліктегі тағы екі жолаушы аздаған жарақат алған. Қазіргі уақытта 345-баптың 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу