Семейде ыстық су өшірілмейтін болды. Мүлде?
Семейдің ТҮКШ бөлімінің жетекшісі Амантай Өтелбаев қалада бір ай көлемінде ыстық су өшірілетінін айтып еді өткен аптада. Осы мәселенің анық-қанығын білмек үшін шаһар басшысы Ермак Сәлімов кейіннен қаланы аралап, қысқы маусымға дайындық жұмыстарын бақылап көрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Мамандар қаладағы суды өшірмей-ақ жөндеуге болатын жерлерді көрсетті. Ал кейбір жерлерде аз ғана уақытқа тоқтата тұруға тура келеді. Бірақ тұрғындарға қолайсыздық тудырмау үшін барлық мүмкіндікті қарастырамыз. Осыған дейін бір ай бойы ыстық су болмайтыны туралы таралған ақпарат негізссіз екенін хабарлаймын, – деді Е.Сәлімов.