KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, В
514.31 603.03 6.4

Семейде бір ай бойы ыстық су болмайды

19.07.2019, 08:11 317

Семейде, «Жылукоммунэнерго» мемлекеттік мекемесінің мәлімдеуінше, 22 шілдеден бастап, тамыздың 20-на дейін бір ай көлемінде ыстық су болмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлбетте, су мұқым қалада бір мезетте өшеді деген сөз емес бұл. Жоспарлы түрде, әр көшеде кезек-кезегімен уақытша тоқтатылып отырады.

Ыстық су жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізілетін жоспарлы іс-шараларға байланысты өшіріледі.

– Жылыту маусымына жоспарлы дайындықты қыркүйек айына қалдармауды дұрыс деп шештік. Себебі бұл уақытта жаңа оқу жылы басталып, көпшілігі егістік жинайды. Жұмыстардың күзде емес, жазда жасалуы, тұрғындарға қолайсыздық тудырмайды деп ойлаймыз, – дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы Амантай Өтелбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу