Қазақстанда 32 жол ақылы болады
Қазақстанда алдағы екі-үш жылдың бедерінде 32 республикалық маңызды жолдар ақылы негізде болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 32 жол – шамамен, 11 мың шақырым. Қазір осыған байланысты конкурс жүргізіп жатырмыз, – дейді «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы Ақылы жолдар дирекциясының директоры Асхат Оқасов.
Айтуынша, түскен ақша тек қана жолдарды жөндеу мен жол ақысын қабылдау жүйесі үшін жұмсалады.
Айта кетейік, дәл қазір елімізде 4 ұзын жол бар. Олар Нұр-Сұлтан-Теміртау (134 шақырым), Нұр-Сұлтан-Щучинск (211 шақырым), Алматы-Қорғас (295 шақырым), Алматы-Қапшағай (42 шақырым).
Оқи отырыңыз