KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да жағдайы нашарлаған жағажайлар реттелді

19.07.2019, 10:58 124

Облыстық ҚХА Қоғамдық кеңесі экология және халық денсаулығы салаларына да жиі көңіл аударады. Атап айтсақ биыл жыл басынан бері аталмыш кеңес Ұлан ауданындағы демалыс орындарына бірнеше рейд өткізіп, жағажайлардың қоқыстан тазартылуына үлес қосқан.

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Қоғамдық келісім кеңесінің қатысуымен 149 проблемалық мәселе шешімін тапқан. Кеңес мүшелері Алтай ауданына қарасты Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған шипажайының жұмысымен танысып, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруін жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелерді шешті.

Шығыс өңірі үшін өзекті проблемалардың бірі - экология мәселесі екені белгілі. Бұл әсіресе жаз шыға басталатын демалыс орындарында өзекті. Тұрғындардың жағажайлардағы жағдайдың нашарлауына байланысты түскен шағымдарынан соң Ұлан ауданының Сібе, Монастырь және Дұбығалы көлдерінің маңдарында рейд өткізіліп, қоқыс орындары анықталды. Нәтижесінде жағажайлар қалдықтардан тазартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив