KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да медиаторлар тұрғындарға сенім телефоны арқылы кеңес береді

12.07.2019, 12:02 176

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының базасында жұмыс істейтін медиация кабинетінде жыл басынан бері келіп түскен 73 өтініштің 93 пайызы қаралып, тараптар бір мәмілеге келген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Жалпы, бұл шара 2015 жылдан бері қолға алынған болатын. Үш жыл бұрын медиацияның тиімділігін арттыру үшін өңірдегі департаменттер мен сот органдары меморандум жасасқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде медиация кабинеті базасында «Медиацияның виртуалды кабинеті» жұмысын бастады. 2019 жылдың басынан бері виртуалды кабинетке келіп түскен жалпы өтініштер саны 31 болса, оның  29 қарастырылған, екі өтініш қаралуда, – дейді ШҚО Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков.

Бұдан бөлек,  8 (7232) 74-22-08 сенім телефоны арқылы кенес алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мұнда бекітілген кесте бойынша кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қала тұрғындарын қабылдап, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді. Яғни 2019 жыл басынан телефон арқылы тіркелген өтініш саны 73 болса, бүгінгі таңда оның 93 пайызы қаралып үлгерген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив