KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

ШҚО аумағында бес жылда 1 жарым миллион көшет егілмек

18.07.2019, 11:55 204

Облыста экологиялық жағдайды жақсартуды көздеген кешенді жоспар қабылданады, оны әзірлеуге сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері жұмылдырылмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өңірдегі алпауыт кәсіпорындар 2021 жылға дейін ауаға шығаратын зиынды қалдықтар мөлшерін қысқартуды жоспарлап отыр.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бірқатар статистикалық мәліметтерді алға тартты. Мәселен, өңірдегі атмосфераға шығарылатын зиянды заттар көлемі қазіргі кезде 129 тоннаны құрап отыр. Соңғы 6 жылда бұл көрсеткіш 11 тоннаға азайған. Өскеменнің өзінен ғана шығарылатын зиянды қалдықтар 7 тоннаға кеміпті. Сондай-ақ, ірі өндіріс ошақтары табиғат қорғау іс-шараларына 27 миллиард теңге қаржы құйған.

Осы ретте облыс әкімі елді мекендерді көгалдандыру, саябақтар мен жасыл аумақтарды кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар туралы атап өтті.

Айталық, «Жас Өркен» жобасы бойынша осы көктемде өңірімізде 133 мың жас көшет отырғызылған. Алдағы қазан айында Ағаштарды кешенді түрде отырғызуға қатысты арнайы бағдарлама қабылданады. Сол бағдарлама аясында бес жылдың ішінде облыс елді мекендеріне 1,5 миллион тал егілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу