KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да 20 миллионнан астам көшет отырғызылады

31.08.2022, 15:05 147

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында ШҚО-да экологиялық жағдайды жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

Қазір өңірде атмосфераға шығарындыларды азайту үшін екі ірі кәсіпорында өндірісті жаңғырту жүріп жатыр. Сонымен қатар, облыста көшет отырғазу жұмыстары қолға алынды. Ол  экологияға оң әсер етпек.

-        Өткен жылы ШҚО-да 18 миллион көшет отырғызылды. Биыл 5100 гектар жерге 21 миллион көшет отырғызу жоспарланған, - деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар аясында өткен жылы өңірде ауа сапасын бақылайтын тоғыз автоматты станция орнатылды, ал биыл Өскеменде қайталама шикізатты қабылдайтын 10 бекет салу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив