KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да шойынжол бөлшектерін ұрлағандар ұсталды

18.07.2019, 10:53 193

 Шығыс Қазақстанда пойыз рельсітерін кесіп алып кеткен  екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға Шемонайха ауданында болған. Тәртіп сақшылары темір жол бөлшектерін ұрлаған 1985 және 1996 жылғы екі ер азаматты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түсірген екен.

Шемонаиха аудандық сотының шешімімен ұсталғандар кінәлі деп танылды.

 Дәл осындай жағдай ШҚО-ның тағы бір өңірінде болды.  Қылмыскерлер Тұрғысын-Алтай станцияларының аралығындағы шойынжолдың 15 метр рельсін ұрлап, металл қабылдау пунктіне тапсыру үшін Алтай қаласына келген. «Теміржолшыларды» тәртіп сақшылары дәл сол жерде қолға түсірді.

 Зырян аудандық сотының шешімімен ұсталғандар кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив