ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?
ХҚО қызметкерлеріне ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай деген сұрақ жиі қойылады. Жеке сәйкестендіру нөмірі - ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы.
Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгіне алады. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. ЖСН алу мен азаматтық алу - екеуі екі бөлек нәрсе.
Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратын адамдар; елде кемінде үш жыл тұратын ҚР азаматымен некеге тұрған адамдар; сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.
Айта кетейік, жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастар, Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар.