KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

«Жол жаман, ал автобус ескі». Алакөлге бара жатқан автобус қалай аударылды?

16.07.2019, 12:28 168

Алакөлге барар жолда аударылып қалған автобустағы жолаушы сол күні не болғанын айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 15 маусым күні Алматы-Өскемен тасжолында 47 жолаушысы бар автобустың аударылып қалғанын жазған едік. Алматылық Қарлығаш Қазбекова сол күні автобустың ішінде не болғаны жайлы баяндады.

 – Отбасымызбен Алакөлге демалуға аттанған болатынбыз. Пойызға билет жоқ болған соң, автобусқа алдық. Жол өте нашар еді, автобус та ескі. Орындықтары да бір-біріне тым жақын. Автобусты екі жас жүргізуші тізгіндеді. Олар жолда қатты жылдамдықпен жүрді. Менің ойымша, жүргізуші ұйықтап кетті. Өйткені, кенет бұрылыстан кейін аударылдық.

Жолаушының айтуынша, автобуста отырған адамдардың тең жартысы дерлік зардап шеккен. Тіпті, бір жолаушының қолы терезенің сыртына шығып кетіпті. Аударылған автобус оның қолын басып қалды.  Ол дәл сол күйінде трактор келіп автобусты көтергенше жатқан екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив