KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Науалы ауылында жаңа саябақ ашылды

16.07.2019, 05:16 206

Үржар ауданының Науалы ауылында жаңа саябақ пайдалануға берілді. «Туған жер» бағдарламасы аясында салынған демалыс орнын ашуға жергілікті мектептің түлектері атсалысыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Белгілі болғандай, бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен бес миллион теңгедей қаражат кеткен екен. Осы жұмыстың арқасында көп жыл бойы иен жатқан аумақта тамаша демалыс орны пайда болды. Саябақта балаларға арналған ойын алаңқайы, футбол алаңы, тіпті салтанатты шаралар өткізетін шағын амфитеатр да бар.

– Ауылымызда осындай бір демалыс орнының жоқтығы сезіліп тұратын. Бұл жайтты ескере келе, жерлестерімізге осындай бір сыйлық жасауды ұйғардық. Шыны керек, еңбегіміздің еленіп жатқанына қуанып, марқайып қалдық. Бәрінен бұрын балақайлардың саябақ ішінде асыр салып ойнап, мәз-мәйрам болғанын көру бір ғанибет екен, – дейді демеушілердің бірі Ұлан Сәрсенбаев.

Жалпы, үржарлық кәсіпкерлер аудандарының гүлденуіне қашан да зор үлес қосып жүретінін айта кеткен орынды. Мәселен, соңғы жылдары жергілікті меценаттардың көмегімен аудандағы 26 мектепте 50-ге жуық жаңа кабинет ашылған-ды. Бұл мақсатқа демеушілер тарапынан 300 миллион теңге жұмсалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу