Тарбағатай ауданы 100 адамды жұмысқа қабылдайды
Тарбағатай ауданында 100-ге жуық бос жұмыс орыны бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жуықта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Ақжар мен Ақсуат ауылында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Онда мәлім болғандай, Омбы-Майқапшағай тас жолын жөндеп жатқан «Синь-Синь» компаниясына 100-ге жуық жұмысшы маман керек екен.
Атап айтсақ, самосвал жүргізуші, машинист эксковатор, пагрузчик жүргізуші, қол жұмысшы, механик, қытай тілінде аудармашы, инженер- геодазист, инженер-лобарант, инженер-сметчик, заңгер, есепші, бас инженер деп кете береді.
– Жұмысқа орналасқысы келген адам аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мен «Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады, – дейді бөлім басшысы Ғ.Атықанов.