KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

"20 миллион теңге тәркіленді" – Облыс аумағындағы ойын автоматтары

12.07.2019, 09:04 151

Облыстық экономикалық тергеу департаменті ойын автоматтары орналасқан дүкен мен ойын-сауық отауларына рейд жүргізіп жатыр. Олар рейд басталған екі аптаның ішінде 130 нысанды адақтап шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Департамент қызметкерлері кәсіпкерлерге ойын автоматтары туралы заңды қатаң сақтауды ескертеді. Заңсыз орналастырылған ойын автоматтары анықталса, нысанның иесі әкімшілік жауапқа тартылады.

Соңғы жылдардағы мәліметке сенсек, облыс аумағында көлеңкелі бизнеспен айналысқан 30-дан астам нысан иесі заңға тартылған. 200-ден астам заңсыз ойын құралы анықталып, 20 миллион теңге тәркіленген екен.

Ескерте кетейік, дүкендер мен басқа да нысандардан ойын автоматын көрген кез келген адам ол жайлы 8 (7232) 24-06-05 сенім телефонына хабарлап айта алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив