KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, В
521.67 592.46 6.32

Елімізде оқ-дәрі сақталатын барлық нысандар тексеріледі

9.07.2019, 11:16 218

Қазақстанда Қарулы Күштердің оқ-дәрілері сақталған нысандарды тексеру үшін арнайы комиссия құрылмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев республиканың әр өңіріндегі оқ-дәрі сақтау орындарын қатаң тексеруді тапсырып отыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылады.

"Комиссия құрамына оқ-дәрілерді сақтау саласынан хабардар, арнайы техникалық білімі, практикалық тәжірибесі бар, сондай-ақ өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоғары білікті әскери мамандар кірді", - делінген хабарламада.

Комиссия мүшелері оқ-дәрілер сақталған нысандардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу