KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 2 м/с, В
504.49 587.73 6.57

Дәріханалардағы баға тұрақтылығы бақылауда – Аягөз

24.07.2020, 03:27 2 099

Аягөз қаласында арнайы құрылған мобильді топ  дәріханаларды аралап, мониторингі жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мониторингі барысында Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен дәрі-дәрмектің шекті бағасын қатаң сақтау және маскалық режімді сақтау мәселелері қадағаланды.

Іс-шара нәтижесінде барлық дәріханаларда санитарлық талаптардың сақталғаны анықталды. Дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығы да анық байқалды. Сондай-ақ аудан тұрғындары үшін аздық ететін дәрі-дәрмек те бар екені белілі болды. Мамандар қажетті дәрілерді анықтап, тиісті орындарға сұраныс жіберді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу