KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Үшінші күн болды. Семейде жоғалып кеткен ер адамды іздеп жатыр

9.07.2019, 03:56 253

Рымқан Оразбаев 6 шілде күні үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

49 жастағы Семей тұрғыны 35-ші квартал ауданында орналасқан үйінен шығып кетеді. Оның қайда кеткенінен туыстары хабарсыз. Қандай бағытта кеткені де белгісіз. Қазір ер адамды іздеу жұмыстарымен волонтерлар тобы айналысуда.

Ерекше белгілері: бойы 178 см, шашы қара, көзілдірік киеді және сол қолында «РОМА» деген жазылған татуировкасы бар, үшінші топтағы мүгедек болып табылады. Қызғылт түсті футболка, көк шалбар, қара жаздық туфли және сұр тұсты кепка киген.

Рымқан Оразбаев туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:  8- 747-349-57-17 немесе 102.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив