Өскеменде 69 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті
69 жастағы Тарлыков Александр Петрович 29 мамырда үйінен шығып кеткен. Сол күннен бері ол хабар-ошарсыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Александр Тарлыковты іздеу жұмыстарымен қазір еріктілер тобы айналысуда.
Анықталғандай, соңғы рет оны Аблакетка ауданында «Пятый» және «Талисман» дүкендерінің маңынан көрген екен.
Бойы – 173 сантиметр, көздері ашық көк түсті. Ерекше белгілері: сол жақ иығында русалканың татуировкасы бар. Киген киімі: көк-сары жолақты жейде, көк джинсы шалбар, былғары жилет, басында сұр түсті фуражка.
Александр Тарлыков туралы қандай да ақпараттарыңыз болса 8-771-466-54-38 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.