KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Киокушинкай каратэден Әлем кубогында ШҚО спортшылары жеңіске жетті

4.07.2019, 06:28 142

Болгарияның Камчия қаласында өткен киокушинкай каратэден жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Әлем кубогы үшін дода жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, аталмыш жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен келген саңлақтар қатысқанын айтқан жөн. Байрақты бәсекеде ел құрамасы сапында шинкиокушинкай каратэ федерациясы облыстық филиалының спортшылары Еламан Мұқашев, Владислав Балабан мен Данил Семенцов өнер көрсеткен болатын. Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміздің екеуі жүлделі орындардан көрінді.

Дәлірек айтсақ, Еламан Мұқашев (60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) 18 бен 21 жас аралығында каратешілер бәсекесінде топ жарса, 60 келіде сынға түскен Владислав Балабан 16-17 жастағы спортшылар сайысында жүлделі үшінші орынға табан тіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив