KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Арыстан көшіп келем дегендерге ШҚО ай сайын 75 750 теңгеге дейін төлейміз деп отыр

4.07.2019, 03:43 202

Облыс әкімдігінде Арыс қаласына көмек көрсету бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында өңір басшысы Даниал Ахметов аймақтың аудан, қалалары 300-ге жуық арыстықты қабылдауға дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазіргі уақытта облыстың аудан, қалаларында 1548 бос жұмыс орны бар.

- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының еңбек ресурстарының мобильділігі бағыты бойынша облыс 277 адамды тұрғылықты қабылдауға әзір. Келген отбасылар жалдамалы тұрғын үйлермен, жұмыспен қамтылып, балалары балабақшаларға орналастырылады, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Көшіп келуші отбасылардың әрбір мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш (88 375 теңге) мөлшерінде бірреттік қаражат беріліп, тұрғын үй жалдау және коммуналдық төлемдер шығынының өтеуі ретінде ай сайын тұрғылықты жеріне байланысты 20-дан 30 АЕК-ге (50 500-ден 75 750 теңгеге дейін) дейінгі көлемде жәрдемақы табысталады. Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй дайындау, отын-сумен көмектесу сияқты басқа да көмек түрлерін көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив