KZ
Өскемен
-14°
ясно жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

"Ұры іргеде жүріпті" – ШҚО-дағы КамАЗ тіркемелерінің жоғалуы

3.07.2019, 07:40 392

Семейдегі белгілі кәсіпорынның директоры тәртіп сақшыларына екі "КамАЗ-дың" темірбетон тасымалдайтын тіркемелері жоғалып кеткенін айтып шағымданған. Шығын – 1 миллион 500 мың теңге, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде, ұрының алыста емес, іргеде жүргені анықталды. Ол өзінің қызметкері болып шықты.

«43 жастағы күдіктінің үстінен ҚР ҚК-ның «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды. 2-7 жыл бас бостандығы шектелуі мүмкін», – деді тәртіп сақшылары.

Жүк арбалары қазір иесіне қайтарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу